Жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісі – Дүниежүзілік сайлау күні. Осы күнге орай аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқу залында Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Оған сайлау комиссияларының мүшелері, жұртшылық қатысты.
Жиында сөз алған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов сайлау процесіне қатысты мәселелер мен азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету турасында баяндады. Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын аудан тұрғындарына кеңінен құлақтандыру қажеттілігі туралы айтылды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оларға тұщымды жауаптар алды.
Қуаныш Қали
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz