2.02.2023, 22:24
Оқылды: 70

Сайлауға қатысты жайттар талқыланды

Жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісі –  Дүниежүзілік сайлау күні.  Осы күнге орай аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқу залында Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Оған сайлау комиссияларының мүшелері, жұртшылық қатысты.

C1235AEC-F632-4A09-A78B-9B92B71F0341

Жиында сөз алған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов сайлау процесіне қатысты мәселелер мен азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету турасында баяндады. Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын аудан тұрғындарына кеңінен құлақтандыру қажеттілігі туралы айтылды.

EB0D41BE-B27E-4636-80D1-3985456994BA

Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оларға тұщымды жауаптар алды.

 

Қуаныш Қали

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале