23.08.2026, 14:50
Оқылды: 9

Сайлауға - отбасымен

Теректі ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасуда. Саяси науқанға тұрғындар жеке ғана емес, отбасыларымен бірге келіп, өз таңдауларын жасауда.

арыстановтар

Подстепное ауылындағы №360 сайлау учаскесінде сайлау күні көтеріңкі көңіл күйде өтуде. Мұнда тұрғындарға музыка қойылып, мерекелік атмосфера қалыптастырылған. Абуовтар әулеті де сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы киіммен келіп, дауыс берді.

Ақжайық ауылындағы №350 сайлау учаскесінде де отбасымен келген тұрғындар бар. Қуанышқалиевтер әулеті жанұясымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

қуанышқалиевтар

Осы учаскеге Арыстановтар әулеті де отбасымен бірге келді. Әулеттің ұлы Ерназар Үмбетқали учаскедегі алғашқы дауыс беруші атанды.

Ал №385 сайлау учаскесінде таңнан бері отбасымен бірге дауыс беруге келген тұрғындардың қатары көп. Жұбайларымен, бала-шағасымен келген сайлаушылардың бірі дауыс беру жәшігіне бюллетеньді кішкентай баласымен бірге салды.

Осылайша ауданның бірқатар сайлау учаскесінде тұрғындар маңызды саяси науқанға отбасымен бірге қатысып, азаматтық белсенділік танытуда.

Ә.Ғазизова

Теректі ауданы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале