20.11.2022, 12:04
Оқылды: 18

Сайлаумен тұспа-тұс келген 65 жас! 

Теректі ауданына қарасты Ақсуат селолық округ бойынша жалпы 1841 сайлаушы бар. Ақсуат ауылындағы №352,  Пойма ауылындағы №350, Магистарльный ауылындағы №354, Әйтиев ауылындағы №381 учаскелер қызу жұмыс үсінде. 

IMG-20221120-WA0126

Ақсуатта 729, Поймада 546, Магистральныйда 420, Әйтиевте 120 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде. Округ бойынша мүмкіндігі шектеулі 11 адам бар. Оның үшеуі үйден дауыс бермек. Студенттер саны — 35.

— Дәл қазір дауыс саны 144-ке жетті.  Ең алғаш болып  ауыл тұрғыны Әділ Қалмағамбетов дауыс берді. Айта кетейік,  бүгінгі сайлау күнімен ауыл тұрғыны Гаусарья Әубәкірованың туған күні тұспа-тұс келген екен. Алпыс бес жасқа толған сайлаушы өз таңдауын жасады. Біз де мерейтойын иесін құттықтап,  жылы лебіз білдірдік, -дейді №352 учаскенің төрағасы Ержан Құрманов.

 

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале