19.07.2021, 16:43
Оқылды: 9

Сайлаушылармен кездесті

Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округі әкімдігіне кандидат Нарынбек Кереш ауылдағы мәдениет үйі қызметкерлерімен, Қ.Сағырбаев атындағы мектеп-балабақша ұжымымен «Шерхан» (Естай Байғуатов) және «Жұмағали» (Жұмағали Еслямов) шаруа қожалықтарына арнайы барып, сайлаушылармен кездесу барысында 2023 жылға дейін шаруа қожалықтарымен бірлесе отырып, ірі қара мал санын 7200 басқа дейін көбейтуге, шаруа қожалығының санын 30-дан асыруға, ауыл тазалығын сақтау және жарықтандыру жұмысын жандандыруға, жергілікті бюджет және меценаттардың көмегімен ауылда көгалдандыруға ынталы боламын деп сендірді.

WhatsApp Image 2021-07-19 at 16.39.47
Ауыл әкімдігіне кандидаттар алдағы төрт жылда атқаратын мәселелерді тұрғындармен бірге талқылап, олардың ұсыныс-пікірлері ескерілетіндігін жеткізді. 25 шілдеде болатын сайлауда белгіленген участоктен табылып, өзіне дауыс берулерін сұрады.

WhatsApp Image 2021-07-19 at 16.39.48 (1)
Сонымен бірге кандидаттардың сенім білдірген уәкілдері қоғамдық орындары, сауда нысандарына барып, сайлау туралы хабарламалар іліп, парақшалар таратты.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале