14.08.2023, 10:00
Оқылды: 49

Құрылысшылар күні аталып өтті

Елімізде жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде құрылысшылардың кәсіби мерекесі аталып өтіледі.

FB_IMG_1691983018023

Осыған байланысты Казталов ауданының аумағында үлкен маңызы бар жол құрылысын жүргізіп жатқан «Uniserv» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әріптестерімен бірлесе отырып, құрылысшылардың кәсіби мерекесін атап өтті.

Серіктестік қызметкерлері арасында спорттың қол күресі, кір тасын көтеру, арқан тарту және эстафеталық ойындар түрінен мерекелік жарыстар ұйымдастырылды.

Онда «Uniserv» ЖСШ бас директорының бірінші орынбасары Дінмұхамед Сәтбаев шараға қатысқан барлық әріптесін кәсіби мереке — Құрылысшылар күнімен құттықтап, олардың барлық отбасына амандық тіледі.

- Құрылысшы мамандығы — ежелгі мамандықтардың бірі. Оларды біздер әрқашан мақтан тұтамыз. Құрылысшылардың ақыл-ойлары, заманауи жаңа технологиялары мен алтын қолдары қаламыз бен ауылдарымызды гүлдендіріп, өңірлеріміздің қуатын арттырып келеді. Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын, - деді Д. Сәтбаев.

Ол өз кезегінде бірқатар қызметкерді дипломдармен, алғысхаттармен, ақшалай сыйлықтармен марапаттап, бір әріптесіне арнайы төсбелгі де тақты.

Марапаттар арасында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің Құрмет грамотасы, алғысхаты, облыс әкімінің алғысхаты табысталды.

Кәсіби мереке әріптестердің ыстық тілектеріне жалғасып, соңы әдемі әндерге де ұласты.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале