Теректі ауданының Теректі ауылдық округіне қарасты Жайық станциясына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тоқтады.
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, сонымен қатар «Самұрық Қазына» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып қолға алынған жоба 26 сәуірде басталды. Пойыздың жұмысы 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Пойыз еліміздің 17 облысындағы 121 шалғай станцияларды қамтиды. Теректіге дейін пойыз13 облыс һәм 85 станцияға тоқтап, азаматтарға тегін әрі сапалы медициналық, құқықтық және медиациялық қызмет көрсеткен.
Ауданға келген қонақтарды Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова қарсылап, қош келдіңіз айтты. Пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаева көрсетілетін қызметтерге кеңінен тоқталды.
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия өкілі, заңгер, медиатор Қуатбек Қожаназаров құқықтық көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Айта кету керек, Теректі ауданында медициналық пойыз 2-5 қазан күндері қызмет көрсетеді. Денсаулық пойызындағы мамандар құрамында терапевт, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, хирург, уролог, маммолог, кардиолог және педиатр бар. ЭХО-КГ құрылғысы жұмыс жасайды.
Дәрігерлер таңғы сағат 9-00-ден кешкі 18-00-ге дейін қабылдайды Түскі үзіліс – 13-00-14-00 сағат аралығында.
Әділет Орынбасарұлы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz