21.11.2025, 23:09
Оқылды: 15

Салық кодексіне енгізілген өзгертулер түсіндірілді

Тасқала ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Рауан Рахметуллиннің төрағалығымен салық кодексіне жаңадан енгізілген өзгертулерді түсіндіру мақсатында жиын өтті.

4d26cfb3-b9d1-4c85-b39b-5f9f35ba0112

Оған БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы  басқармасының басшысы Оксана Нигметуллина мен аталмыш департаменттің берешекпен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Әубәкірова, сондай-ақ, Тасқала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Радик Гумаров пен ауылдық округ әкімдері, мекеме қызметкерлері,  жеке шаруа қожалықтарының жетекшілері  мен аудан кәсіпкерлері қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты, 2026 жылы енгізілетін салық заңнамасындағы өзгерістерді халыққа кеңінен түсіндіру. Азаматтар мен бизнес өкілдерін жаңашылдыққа алдын ала дайындау болатын.

Мамандар жиналғандарға салық кодексіндегі негізгі өзгерістер, кәсіпкерлерге ұсынылып отырған жеңілдіктер мен электронды қызметтердің қолжетімділігі, сондай-ақ міндетті төлемдер бойынша жан-жақты ақпарат берді.

Одан бөлек, салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері, берешектерді реттеу тетіктері мен ауыл шаруашылығы саласындағы өзгерістер де тілге тиек болды.

Жиынға қатысушылар, кірістер басқармасының мамандарына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жауап алды.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале