«Самұрық - Қазына» қорының 15 жылдығына орай аталған қор қызметкерлері «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, «Мектепке жол» науқаны бойынша жаңа оқу жылына қадам басатын 41 оқушыға бір сөмке оқу құралын жолдады.
«Берсең, балаға бер» деген дана халқымыздың ұстанымын естен шығармаған қордың сыйлығы әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы отбасындағы оқушыларға берілді. Аудандық мәслихат депутаты Мөлдір Әбдірешова аманатқа қиянат жасамай, балаларға аяқтай барып, арнайы табыстады.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz