21.06.2023, 15:00
Оқылды: 10

Санға емес, сапаға мән беруіміз керек

Бүгін Казталов аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынға комиссия мүшелері және бірқатар бөлімнің басшысы қатысты.

96f7d827-284b-4dac-9359-f30e98297c71

Комиссия отырысында жастар арасында және білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қаралды. Жиында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жангерееваның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмысты баяндады. Аудан әкімі сыбайлас жемқорлықтың қоғам дерті екенін тілге тиек етіп, алдын алу шараларын жетілдіруді тапсырды.

de70ecc2-5708-4bc2-b880-03cdc22d840a

- Сыбайлас жемқорлықпен күрес және алдын алу шараларын жетілдіруіміз керек. Осы бағытта бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалаңыздар. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және аудандық білім беру бөлімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыстанғаны жөн. Сонымен қатар, облыстық қоғамдық ұйымдардың, басқармалардың да тәжірбиесін назарға алу керек. Атқарылған жұмыстың санына емес, сапасына мән беруге тиіспіз, - деді аудан басшысы.

003a5724-74bc-4567-864f-d8e6553de8bd

Жиында комиссияның алғашқы отырысындағы хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы да тыңдалды. Аудан әкімі комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырма берді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале