6.11.2020, 11:03
Оқылды: 34

Санитарлық талап - басты назарда

Жаңақала ауданы бойынша мектептер мен балабақшалардағы санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету және қадағалау мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақан Қапанов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының міндетін уақытша атқарушы Қобыланды Сапиуллин бірлесіп, елді мекендер мен ауылдық округтердегі мектептерге кезекті рейд жүргізді.

D2EA9451-6039-4A3F-AA4C-FA48CC96C3BF

Тексеріс барысында олар Ақбалшық, Айтпай, Жангелді бастауыш білім беретін мектептеріне, сондай-ақ М.Мирманов атындағы ЖОББМ-не, Е.Орақбаев атындағы ЖОББМ-не және аудандық білім беру бөлімінің «Жеткіншек» бөбекжай-бақшасына арнайы барып, аралап, карантиндік тәртіп пен ережелерді тексерді. Сонымен қатар мектеп мұғалімдері мен оқушыларға санитарлық талаптарды қатаң сақтауды ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале