9.01.2023, 12:30
Оқылды: 149

Сапар салған салмақ

 "Менің кіші Отаным" тарихи танымдылық экспедициясы аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Сәкен Муса, Сырым Датұлының ұрпағы, "Сырым жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайсар Халит, Сырым Датұлының ұрпағы, Сырымтанушы Айдархан Рамазанов, көлік жүргізуші Әлібек Жүсіпқалиевтің қатысуымен Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округіне тарихи сапар жасады.
image-09-01-23-11-35
Сапардың басты мақсаты қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, дала реформаторы, даңқты батыр Сырым Датұлының өз қолымен жасаған қазақ тарихында "Сырым бөгеті" аталып кеткен тарихи орынды көзбен көру болатын.
Алдымен таң ата Қаратөбе ауданына бас тіреп, аудан орталығынан Аққозы ауылдық округіне табан тіредік. Аққозы ауылына барған кезде ауылдың атымтай ақкөңіл азаматы, ауылдың әкімі Қоныс Мұқанов бізді жылы қарсылап, Қызылқоға ауданына тікелей түсетін жайын жолды көрсетіп жол нұсқады. Екі сағат дегенде көздеген мақсатымызға жетіп, Көздіғараға жетіп келдік. Түс ауа Аққозы ауылынан 70 шақырым жердегі Көздіғара ауылдық округіне жеткен тұста бізді сол ауылдық округтің әкімі Ернар Ізімов пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырғали Ерекенов ағамыз қазақы пейілмен құшақ жая қарсы алып, Қоныстану ауылынан 9 шақырым, Қосқұлақ елді мекенінен 2 шақырым тұстағы халық ауызында Сырым қыстағы аталып кеткен Сырым бөгетіне ат басын тіредік.
image-09-01-23-11-35-4
Алыстан ат шаптырып келгендегі  асқақ арманымыздағы тарихи орынды көргенде бойымызды ерекше толқыныс биледі. Өйткені патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы шығып, кіші жүз қазақтарының басын қосып, 14 жыл бойы қасқайып тұрып қарсылық көрсеткен Сырым бабамыздың қолымен жасалған бөгет еліміздегі үлкен өзендердің бірі Ойыл өзенінің үш айрық болатын ащы Ойылға қосатын тұсын бөгеген екен.
image-09-01-23-11-35-1
Тарихи деректерге сүйенсек Сырым Датұлы орыс әскерінен қалың қазақты алып қалу үшін Ойыл өзенінің арғы бетіне өту үшін бұл тұсты бөгеп, арғы бетіне өткен екен. Сол жерде ауыл ақсақалы Қайырғали ағамызбен тілдесіп бірқатар мәліметтерді қойын дәптерімізге түртіп, ауылдан дәм татып кері жол жүрдік. Бұл жерде ауыл азаматтарының қазақы қонақжайлығын айтпай кету тағы болмас. Сөйтіп Қаратөбе ауылына кешқұрым жеткен тұста Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, өлкетанушы Нұртас Сафиулин қарсы алып, өлке тарихында орны ойып тұрып орын алатын Қайыржан Хасанов ағамыз атындағы Алаш музейіне бас сұғып тамаша жәдігерлерді көзбен көріп, Қайыржан ағайдын ұлдарының көзсіз еңбектеріне бас идік.
image-09-01-23-11-35-8
Иә, бір күндік сапарда сөйтіп өз мәресіне жетті. Экспедиция мүшелері Сырым бөгетін тарихи орынға айналдыру мақсатында нақты ұсыныстарында жинақтады.
Досжан Тайшиев,
Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, экспедиция мүшесі
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале