Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Саралжын ауылдық округі Қарақамыс ауылында ветеринарлық пункттің ашылу салтанаты өтті. Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұханбетов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев арнайы қатысты.

Қазіргі қоғамда ветеринария саласының рөлі өте маңызды.
Ветеринария саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіру және жандандыру үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Осы орайда 2025 жылы Қаратөбе ауданы бойынша ауылдық округтерге ветеринарлық пунттер салу, мал қорымдарын жаңарту жұмыстары атқарылып, бүгінгі күні аудандық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Саралжын ауылдық округі Қарақамыс ауылында жаңа ветеринарлық пункт ашылып, жаңа ғимарат пайдалануға берілуде.
Жаңа ветеринарлық пункттердің көптеп салынуы ветеринар мамандардың жұмысын жақсартып, ауыл тұрғындарына сапалы ветеринарлық кызмет көрсетуге оң серпін берері анық.
Жаңадан салынған ветеринарлық пункттің ашылуында сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұханбетов:
– Саралжын ауылының тұрғындарын жаңадан бой көтерген ветеринарлық пункттің ашылуымен құттықтаймын. Мемлекет тарапынан ветеринария саласына көп көңіл бөлінуде. Облысымыз ауылшаруашылық саласына негізделген өңір. Облысымызда биылғы жылы 29 ветеринарлық пункт жаңадан салынды. Сонымен қатар мал қорымдары да жаңа талаптарға сай пайдалануға берілуде. Ветеринария саласының дамуы өте маңызды. Алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы саласын қолдау жалғаса бермек, - деді.
Кезегінде сөз алған Қарақамыс ауылыныңтұрғыны, ветеринария саласының ардагеріАманқауыс Есжанов ауылдастарын жаңағимараттың ашылуымен құттықтады.
Ветеринарлық пункт ғимаратының құрылысын жүргізген «Жумагалиева» жеке кәсіпкерлігінің уәкілі Өміржан Макулов жаңа ғимараттың кілтін Саралжын ауылдық округі ветеринарлық пункт меңгерушісі Кенжебай Қындыбайұлына табыстады.

Жаңа ветеринарлық пункітті ашып, лентасын Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Шадиярұлы мен ветеринария саласының ардагері Аманқауыс Есжанов қиды.

Әжелер тәттілерден шашу шашып, ауыл тұрғындары жаңадан салынған ветеринарлық пункттің ішін аралап көрді.
Серікбай Хасанов
Қаратөбе ауданы