25.07.2021, 18:47
Оқылды: 14

Саройлықтар да белсенділік танытуда

Сырым ауданына қарасты Сарой ауылдық округінің әкімін таңдауға саройлықтар да белсенді қатысуда.

№302 Шағырлой сайлау учаскесінде 313 ауыл тұрғыны дауыс береді. Олардың 19-ы үйден дауыс берушілер. Түске дейін халықтың 52 пайызы таңдау жасады.

Көздіғара елді мекенінде 162 сайлаушы болса, түске дейін олардың 60 пайызы дауыс берді. 6 көздіғаралық үйден дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Теңдік Ержанғалиева, Шағырлой ауылының тұрғыны, үйден дауыс беруші:

9293CD48-4CAE-474B-9745-A718D0899EB6

– Жасым сексеннің екеуіне келді. Әлі де болса, газет-журнал оқып, теледидар қараймын. Ауыл әкімінің сайлауы өтетіні туралы хабарым бар-тын. Жасым егде тартуы себепті, учаскеге барып дауыс бере алмадым. Алайда, сайлац комиссиясының мүшелері үйден келіп дауыс алды. Шүкір, еліміз тыныш, жағдайымыз жақсы. Осы беттен таймасақ, өркендей түсеріміз анық. Балаларымның болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Жаңа әкіммен ауылымыз дами түсетініне сенемін.

Бекболат Нығметжанов, БҚУ магистранты, Шағырлой ауылының тұрғыны:

DCFDC470-4226-40C7-883F-83AB1C4611E1

– Бүгінгі сайлауға жақсы көңіл күймен келдім. Ауыл әкімін сайлау – маңызды шешімді қажет етеді. Ауыл – мемлекетіміздің кішкентай, қарапайым бөлшегі, кіші Отанымыз. Оны басқаратын адамды таңдау  да – жауапты іс.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале