Еділден бастау алатын Сарыөзенге жоғарыдан су келіп жатыр.
Қазталов ауылдық округіне қарасты шабындық жерлер – Солдаткөлге, Мышымға және Бірік ауылдық округіне қарасты Ағашүй бағытындағы көлтабандар да келіп жатқан сумен толығуда. Судың келуі бір деңгейде. Көлдіктерге жайылған сулардың үстінде өзен-көл еркесі шағалалар да көбейген. Ал енді аз күннен кейін сұлулық символы – аққулар да айдын көл бетінде жүзетін болады.
Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz