5.08.2022, 19:13
Оқылды: 49

Сәтті өткен семинар

Бүгін Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, Рухани орталықта орналасқан аудандық кітапхананың оқу залында «Дін және салт-дәстүр» тақырыбында семинар өтті.

IMG_7976

Шараға облыстық Дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Міржақып Алиасқар қатысты.

Семинарда жаназа намазын оқитын молдалардың тапшы екендігі жайында сөз болды. М.Алиасқар «Ашура күні» туралы уағыз-насихат айтып, мұсылман қауымы үшін қасиетті айлардың бірі саналатын «Ашура күнінің» тарихы мен ерекешелігі туралы түсінік берді.

IMG_7969

Ауылдық округтерден келген жерлеу рәсімін жүргізушілер өз ойларын айтып, ауылдастарына жерлеу рәсімінің тәртіптерін жеткізіп жүргендерін тілге тиек етті. Сондай-ақ бұл жиында дін жағынан медресе оқымаған жандардың жаназа намазын оқуы жайын сарапқа салды. Шарада жерлеу рәсімі дастарханындағы ысырапшылдық, ауылдық округтерге мешіт салу мәселесі, жастардың діни білімсіздігі жайы талқыланды.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, осы мәселелердің шешімінің табылуына атсалысатындарын жеткізді.

Р.Хамзина,

Жаңақала ауданы,
zaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале