11.09.2021, 17:47
Оқылды: 133

Саябақ ашылды

Ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жағыру" бағдарламалық мақаласының "Туған жер" бағдарламасы аясында Казталов ауданына қарасты Бірік ауылдық округінің орталығы Əжібай ауылында мектеп бітіруші түлектердің демеушілігімен Демалыс саябағы ашылды.

01
Осыған дейін əжібайлық түлектердің туған жерге деген сүйіспеншілігінің арқасында ауылда көптеген игі істер атқарылды. Солардың қатарында көпке үлгі болған Сралиевтер отбасының ауқымды жұмыстары. Бұл отбасы туған ауылы мен ауыл халқының игілігі үшін фельдшерлік-акушерлік пунктті тарту еткен болатын.
Ендігі кезекте мектеп бітіргендеріне 40, 30, 25, 20 жыл болған түлектердің күшімен мəдениет үйі жанынан бой көтерген саябақтың лентасы қиылып, есігі айқара ашылды.
Саябақ ішіне өрнек тастар төселіп, ауыл тұрғындары кіріп отыратын отырғыштар мен жарық шамдар қойылған. Саябақ ортасында концерттік бағдарламаларды тамашалау үшін арнайы сахна жасақталған.

03
Нысанның ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан əкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев ауыл тұрғындарын құттықтап, игі істі атқарған болған мектеп бітіруші түлектерге аудан əкімінің алғыс хатын табыс етті.

02

Шарада құттықтау тілектерін жолдаған округ əкімі Жігер Жакиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов, округтің қоғамдық кеңес төрағасы Уəлихан Жағыпаровтар мерекелік сəтті пайдалана отырып, еңбек ардагері, ауыл ақсақалы Ораш Малаевтың кеудесіне аудандық ардагерлер кеңесі атынан "Асыл ардагер" төсбелгісін тағып, алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен бірге округ тұрғындары атынан батагөй ақсақалдың иығына шапан жабылды.
Саябақтың ашылу салтанаты Отбасы күнімен тұспа-тұс келгенін айта кеткеніміз жөн. Қос мерекеге қуанған округтің аналар кеңесінің төрайымы Мағзия Қабиева ауылдағы Дүйсеғалиевтер, Жорасовтар, Жакуповтар əулетіне алғыс хаттар табыстады.
Нысанның ашылу салтанаты ауыл көркемөнерпаздарының əуенді əнімен əрленіп, мың бұралған бишілердің əдемі биімен өрнектелді.

 

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале