18.05.2023, 12:46
Оқылды: 68

Саз мектебінің есеп беру концерті өтті

Переметныйдағы аудандық мәдениет үйінде осындай атаумен Бәйтерек ауданы балалар саз мектебінің есеп беру концерті өтті.

байтерек (6)

Музыка үнімен үндескен оқу ордасында бүгінде 179-дан астам шәкірт білім алуда. Қазіргі таңда халықаралық кәсіби, шығармашылық жарыстардың жеңімпаздары жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан өнерпаздар концертте тартынып қалмай, үздік деген өнерлерін көрермен көрермен назарына ұсынды.

байтерек (3)

Кештің шымылдығын республикалық «Ұлы Дала бұлбұлы сайрағанда», облыстық «Балдәурен» байқауларының лауреаты Дария Алманбетова Ғ.Құрманғалиевтың «Сәлем» әнімен ашты. Одан кейін сахна төріне кішкентай Тахмина Сағынбай шығып, Ғарифолла Құрманғалиевтың «Қаламқасын» әуелете шырқады. Кейін концертте Абайдың «Торжорға» және  Шотайбайдың «Шыңырау» күйлерін күмбірлете орындаған «Елмұра» қазақ аспаптары ансамблі еді.

байтерек (1)

Сондай-ақ концерттік бағдарламада республикалық конкурстардың жеңімпаздары, Раида Мұсақұлова, «Елмұрат» вокалды тобы, кларнет сыныбының білім алушысы Дидар Жанақов, эстрадалық вокал сыныбының оқушысы Айтотым Амангелді, Тойлыбай Мейрамбек, Елизаветта Долбленова, Алина Жүсіпова, қобыз сыныбының білім алушысы Ақбота Нығмет, Анзор Каримов, саксофоншы Диар Жанақов өнер көрсетті.

байтерек (4)

Ал Гүлден Қанатова жетекшілік ететін «Гүлдер» би ансамблі ұйғыр, қазақ билерін мың бұрала билеп, қонақтардың кошеметі мен ыстық ықыласына бөленді. «Балбырауын» күйін нақышына келтіріп орындаған домбыра сыныбының білім алушысы Дарын Әбдірахманов пен ұстазы Полина Ищенко көрерменді таңдай қақтырды.

байтерек (5)

Есепті өнер кеші Н.Тілендиевтің «Біз – Отанның ұланымыз» әнімен қорытындыланды.

- Үлкен Шаған, Махамбет, Асан, Переметный ауылдарындағы 179 оқушының 110-ы қатысқан үлкен жылдық есеп беру концерті болды. Шарада негізінен Асан, Қайнар, Шалғай, Переметный ауылдарының білім алушылары өнер көрсетті. Жыл бойы ұжыммен бірігіп жасаған еңбегімізді, жеткен жетістіктерімізді өнер сүйер көрерменге паш еттік. Аудан тұрғындарына осы арқылы жақсы көңіл-күй сыйлай алдық деп ойлаймын. Кеш қонақтары жоғары деңгейде өтті деген баға берді. Біздегі саз мектебінің мақсаты - білімді, тәрбиелі, саналы, шығармашыл, бәсекеге қабілетті, жан-жақты, өнерлі ұрпақ тәрбиелеу, - дейді магистр, педагог-зерттеуші, Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Балалар саз мектебі" МКҚК директоры Ләззат Қажығалиева.

 

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале