4.03.2022, 15:00
Оқылды: 100

Сегізінші наурыз. Сегіз маман

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Теректі аудандық балалар шығармашылық үйі мен «Jas Otan» ЖҚ ұйымдастыруымен өткен «Жарқын жүздесудің» бұл жолғы кеші нәзік жанды аруларға арналды. 8 наурызға орай 8 түрлі маман иелері қатысты. Айталық, Госплемстанция ЖОББМ директоры Гүлдариға Амандықова, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Зулфия Мырзағалиева, мәслихат депутаты Нұрсәуле Аткеева, Ұзынкөл а.о әкімі аппаратының бас маманы Эленора Қарабалина, полиция майоры Салтанат Байболатова, кәсіпкер Анар Қайрекенова, Подстепный мәдениет үйінің директоры Айнұр Қуанышқалиева және «Теректі жаңалығы» газетінің тілшісі Балнұр Қанаева сынды аудан абыройын асқақтатып жүрген жандар шақырылды.

IMG-20220304-WA0030

Меймандарға әннен шашу шашқан А.Дәулетқалиев «Асыл ана», А.Шайхин «Гүл сыйлайық әйелге» әнін орындады.
Сұқбат тізгінің ұстаған Ү.Орынғалиев жоба қатысушыларына «Сұрақ — бізден, жауап — сізден» деп кәсіптеріне, өмірлеріне қатысты қызықты сұрақтар қойды.

IMG-20220304-WA0029

Сондай-ақ қонақ кәделерін алып келген Айнұр Бейбітқызы «Анашым» әнін музыкалық аспапта орындаса, Б.Қуанышқызы «Шеше, сен бақыттысын» деген өлең оқып, көпшіліктің көңілінен шықты. Кәсіпкер А.Қуанышқалиқызы балапандарын әкеліп көрсетсе, бесаспап Э.Қанатқызы тәтті тортын ала келді, Г.Ғарифоллақызы сурет салып, балалар шығармашылық үйіне естелікке табыстады. Оқушылар да өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тілектерін жолдады.
Шара қонақтарына аудандық мәслихат депутаты Мирхат Жұмашев демеушілік жасап, естелік сыйлықтарын тарту етті.

Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале