82 жастағы Жаңылсын Қайыржанова бүгін Жаңақала ауданы №113 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Сексеннің сеңгіріне шыққан ардагер сайлаушы елдің саяси өміріндегі маңызды науқаннан қалыс қалмай, азаматтық борышын орындады.
Ол үшін сайлауға қатысу – жай ғана дауыс беру емес, елдің ертеңіне деген алаңдаушылық пен ақ тілекке ұласқан азаматтық ұстаным. Жасы ұлғайғанына қарамастан, сайлау учаскесіне өзі келіп, дауыс беруі кейінгі буынға да үлгі боларлықтай.
- Мемлекетіміздің болашағы үшін дауыс бердім. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Балаларымыз бақытты, келешегіміз жарқын болсын, - деді Жаңылсын әжеміз.
Райхан Амантайқызы,
Жаңақала ауданы