6.01.2023, 16:16
Оқылды: 73

Сенат депуттығына үміткерлер Шыңғырлауға келді

Баршаңызға мәлім, елімізде 2023 жылдың 14 қаңтар күні ҚР Парламентінің Сенатына депутаттарды сайлау өтеді. Қазақстандықтарды еліміздегі барлық жаңа бастамаларға бастап отыратын, әділетті Қазақстанды құруға күш салатын, халқымыздың мұң-мұқтажына аса мән беріп, жоғын жоқтап, қамқор болатын «ең, ең » деген, парасаты мен адамгершілігі биік, білімі мен өмірлік тәжірибелерін халық үшін жұмсайтын тұлғалардың додаға түсер кезі, міне таяды. Демек мақсат-мүдделері бірігетін депутаттар үшін де бұл күрделі кезең болмақ.

1

Бүгін  Сенат қабырғасына Батыс Қазақстан облысы атынан үміткерлер  Шыңғырлау ауданына бас тіреп, аудандық мәслихат депутаттарымен, аудандағы сайлаушыларымен кездесті.

Жиынды ашқан Шыңғырлау аудандық мәслихатының төрағасы Сағын Қазиев Сенат депутаттығына үміткерлер - Арман Өтеғұлов, Ақылбек Сұлтанов және Айболат Құрымбаевты таныстырып, кездесудің мақсатын айтты. Кездесуге Арман Өтеғұловтың сенімді өкілі Айдар Батырханов та қатысып отырды. Сондай-ақ депутаттыққа үміткерлердің ауданымыздағы сенімді өкілдері   Тілеген Калиев, Адақ Шотпанов, Ләйла Нұрпейісова олардың өмірбаяндары және ел үшін атқарған қызметтері туралы баяндап берді.

4

Арман Кәрімұлы қызметіне орай ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлді. Алдағы уақытта да осы салаға баса мән беретініне, ауылды дамыту үшін жұмыстанатынын әңгімеледі. Ал, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов әлеуметтік бағдарлау мәселелерін қамтыған.

aa605ed0-342d-4133-8858-bc80d08c44c7

Үміткер  Айболат Құрымбаев болса өңір тарихшысы, өлкетанушы, экология жанашыры ретінде  көпке  танымал. Оның сайлауалды бағдарламасы да осы бағытта құрылған,  кездесу кезінде  жиналғандар алдында сөз алып, алдағы уақытта іске асыратын,  ел үшін жасалар жоспарларының қомақтылығына сендірді.

Айсұлу Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале