5.01.2023, 14:31
Оқылды: 46

Сенатқа Ақжайықтан кім аттанады?!

2023 жыл "әп" дегеннен ел үшін маңызды саяси оқиғамен басталмақ. 14 қаңтар күні ҚР Парламентінің Сенатына депутаттарды сайлау өтеді. Бүгін Сенат қабырғасына Батыс Қазақстан облысы атынан үміткерлер Сырым ауданындағы сайлаушыларымен кездесті. Жиынды Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева жүргізді.

8

Айта кетейік, өңір атынан Сенатқа 3 азаматтың кандидатурасы тіркелген. Бірі – педагог, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық -техникалық университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов. Ақылбек мырза өзінің сайлауалды ирж өңірді өмірге қолайлау, әлеуметтік бағдарлау мәселелерін қамтыған. Сонымен, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты ретінде ауыл тұрғындарының табысын арттыру және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, қауіпсіздігін арттыру жайында ұсыныстары да бар екен. Ал, келесі кандидат Айболат Құрымбаевты өңір тарихшы-өлкетанушы, экология жанашыры есебінде таниды. Айболат сайлауалды бағдарламасына нақты мәселелерді енгізіпті.

- 2010 жылдан бастап "Қазақстан Темір жолы" Ұлттық компаниясы АҚ елді мекендерге медициналық пойыздардың қатынасын ұйымдастырып, кең ауқымды әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Бірақ, бұл пойыз шалғайдағы Капустин Яр полигонының зардабы шалған Бөкейорда және Жәнібек аудандарына бармайды. Халық денсаулығын жақсарту айрықша назар аударуды талап етеді, - деді Айболат Құрымбаев.

Жұртшылық Парламенттің үстіңгі палатасына үнімізді жеткізеді деп үміт артқан ендігі фигура – Арман Өтеғұлов. Елдік істерге араласып әбден ысылған, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен Арман Кәрімұлына Батыс Қазақстанның күнгей тұсы мен көлеңкесі – бәрі таныс. Аграрлық саланы өркендетуге ұсыныс айтумен шектелмей, нақты араласып көрген адам. С. Датұлы атындағы тарихи- өлкетану музейінің Сырым залында өткен жиында Сырым аудандық мәслихатының депутаттары кандидаттардың бағдарламаларын тыңдап, сауал қойды, ой-пікірлерін айтты.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Суреттерді түсірген: Айжан Амангелдина

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале