4.05.2021, 18:30
Оқылды: 72

Сенаторлар – Казталов ауданында

4 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нариман Төреғалиев пен Ләззат Рысбекова Казталов ауанында жұмыс сапарымен болды.

 деп1

Ауданға жұмыс барысымен келген лауазымды тұлғалар алдымен Сарықұдық, Жалпақтал ауылдарында болып, онда салынып жатқан 60 орындық мектеп ғимараты, спорт кешені, 12 пәтерлік тұрғын үй құрылысы жұмыстарымен танысып, жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесті.

Кездесу барысында сөз алған қоғам белсенділері жергілікті жерде шешімін табуға тиісті мәселелер жөнінде сауалдар қойып, сенаторлар тарапынан толыққанды жауаптар алды.

деп2

Одан кейін мәртебелі қонақтар Жалпақтал ауылындағы шағын сауда үйі мен түшпара цехын аралап, кәсіпкерлік саласы бойынша шағын әмбебап дүкендер желісінің иелерінің жағдайларымен етене танысты.

Астанадан арнайы келіп, сайлаушылармен бетпе-бет жүздескен қос сенатор Жалпақтал сапарын тәмамдап, аудан орталығы Казталов ауылына бағыт алды.

Сенаторлар аудан орталығында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» бағдарламасы аясында салынып жатқан А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің құрылыс жұмыстарымен, ауданымыздағы эпидемиологиялық ахуалмен танысып, зиялы қауым өкілдерімен, белсенділермен кездесті.

декп3

Қос сенатор алдымен А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің құрылыс алаңына табан тіреді. Қызу жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер, «Жиенбай» ЖШС басшысы Александр Қарағойшин сенаторларды ғимараттың жобасын және тиісті жұмыстардың жүргізілу барысымен таныстырды.

Сенатор Нариман Төреғалиев мердігерге нысан құрылысының белгіленген уақытында аяқталу керектігін және сапалы болуын бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.

деп45

Болашақ білім ордасының құрылысымен танысқан халық қалаулылары «Достық» саябағында сайлаушыларымен, сенімді өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында ауданымызға белгілі зиялы қауым өкілдері сенаторларға қазіргі таңда ауданымызда өзекті болып отырған су, киік, байланыс желілері, жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты бірқатар мәселелерді қозғап, сұрау салып, ұсыныстарын айтты.

Сенатор Нариман Төреғалиұлы елімізде қабылданып жатқан бірқатар заңдарға тоқтала отырып, зиялы қауым өкілдерінің қойған сауалдарына заңды түрде жауаптарын беріп, жеке пікірімен де бөлісті.

- Біз осы өңірдің азаматтары болған соң халықпен, облыс басшылығымен тығыз байланыстамыз. Сапарымыздың басты мақсаты – қабылданып жатқан заңдардың жергілікті жерлерде қалай жүзеге асып жатқандығын және мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік қаржы есебінен атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын бақылау және заңдардың орындалуында қандай да бір кедергілер болса назарға ала отырып, тиісті шараларды қолға алу. Өңірдегі түйткілді мәселелер де басты назарымызда. Мәселен, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарға бөлінген қаржыға алынатын су көлемінің аздығын негізге ала отырып, қосымша қаржы бөлу үшін Үкіметке арнайы депутаттық сауал жолдадық. Қазіргі таңда 2021 жылдың бюджеті нақтыланып жатыр. Ал көрші елден су тарту мәселесіне қатысты құжат та Мәжілістің қарауында. Сұралған қаржы бөлінгенімен шаруа қожалықтары, жергілікті аудан тұрғындары «Судың да сұрауы бар» екендігін ескеріп, тиімді пайдаланса екен дейміз. Ен даланың еркесі киікті жайылымға түсірмеудің бірден бір жолы резерват құру. Себебі киік «Қызыл кітапқа» енбесе де атуға тыйым салынған жануар. Сондықтан бұған жауапты министрлікке Бөкей орда резерватын ашуды жеделдету жөнінде мәселе қозғап отырмыз. Қазіргі таңдаҚазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті жұмыстарды атқаруда, - деді Нариман Төреғалиұлы.

деп5

Қос сенатор да қозғалған мәселелердің ауқымы, әсіресе облысымыздың оңтүстік аудандарындағы ахуалды ескеріп, кейбір мәселенің оң шешімін табуына атсалысатындығын жеткізді. Олар айтылған мәселелердің облыс көлемінде шешілу керектігін де атап өтті. Нақтырақ айтар болсақ, көрші елден келетін судың көлемі, ақбөкендердің ен даланы иемденуі, сымсыз байланыс желілерінің сапасыздығы, жолдың жыры оңтүстік аудандардың күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе. Ал Қосөзенге келетұғын судың жырына сенатор Нариман Төреғалиұлы да «БҚО-ның оңтүстік аудандарына РФ облыстарынан Еділдің суын қажетті көлемде алуға кететін шығындарды өтеу үшін бөлінетін қаражатты көбейту мәселесі туралы» депутаттық сауал жолдап өз үлесін қосқан болатын. Сауалдың жолдануына депутат Ләззат Рысбекова да үн қосқан еді.

деп6

Сенаторлар кездесу барысында қойылған сауалдарға толығымен жауап беріп, сайлаушыларға үміт артып, сеніммен қарағаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Сайлаушылармен кездесуден соң Сенат депутаттары Казталов аудандық орталық ауруханасына барып, эпидемиологиялық ахуал мен вакцинациялаудың жүргізілу барысымен танысты. Депутаттар аймақтағы індетпен күреске қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

 

Қыдыр Харесұлы,

Асылбек Нәсіпқали

Казталов ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале