17.10.2022, 10:45
Оқылды: 60

Сенбілікте ағаш отырғызды

Елді мекендерді көгалдандыру жоспары аясында ағымдағы жылдың 15 қазанында Қаратөбе ауданы орталығында сенбілік өтті. WhatsApp Image 2022-10-17 at 10.31.00

Қаратөбе ауылының Датұлы көшесінде орналасқан аудандық ауруханаға қарсы және «Снежанна» дүкені маңындағы қоршауларға 375 түп көшет отырғызылды.

100 түп көктерек, 100 түп үйеңкі, 175 түп қарағаш көшеттері отырғызылды. Сенбілік жұмысына аудандағы мекеме қызметкерлерінен 105 адам, 1 дана су тасу техникасы қатыстырылды.

WhatsApp Image 2022-10-17 at 10.31.09

Көшет отырғызу жұмыстары ауылдық округтерде алдағы сенбілікке жоспарланған.

Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале