Бүгін Теректінің белсенді азаматы, Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты, кәсіпкер Сержан Идиятов Астана төрінде марапатталды.
Қазақстанның ұлт мерекесі – Республика күні қарсаңында Сержан Серікұлы мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен тағайындалған награданы оған «AMANAT» партиясының басшысы Ерлан Қошанов табыстады.
- Бұл награда тек менің емес, әр бастамамды қолдап жүрген қосқан үзеңгілес жолдастарымның, еңбегімнің жемісті болуына септескен жерлестерімнің марапаты деп білемін, - дейді Сержан Серікұлы.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz