24.10.2023, 15:15
Оқылды: 62

Сержан Идиятов «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды

Бүгін Теректінің белсенді азаматы, Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты, кәсіпкер Сержан Идиятов Астана төрінде марапатталды.

сержан

Қазақстанның ұлт мерекесі – Республика күні қарсаңында Сержан Серікұлы мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

d8206cbf-406f-43ed-9350-7048a1e9db8e

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен тағайындалған награданы оған «AMANAT» партиясының басшысы Ерлан Қошанов табыстады.

- Бұл награда тек менің емес, әр бастамамды қолдап жүрген  қосқан үзеңгілес жолдастарымның, еңбегімнің жемісті болуына септескен жерлестерімнің марапаты деп білемін, - дейді Сержан Серікұлы.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале