5.05.2022, 21:53
Оқылды: 48

Сессия отырысы өтті

Теректі ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың ХХІI  кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері және бөлім басшылары қатысты. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев төрағалық етті.

IMG-20220505-WA0104

Күн тәртібінде аудан бойынша атқарылуы тиіс бірқатар мәселелер сөз болды.

Азаматттық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт  саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықпен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу, аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №18-2 «Теректі ауданының ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира Сарсенова баяндама жасады. Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсанындағы №48-2 «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу жайында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова сөз алды.  Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №17-1 «Теректі ауданының ауылдық округтері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту», 2018 жылғы 30 наурыздағы №20-3 «Теректі аудандық мәслихаты аппараты мемлекеттік мекемесінің Б корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту» және 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №17-7 «Теректі ауданы әкімдігі жанынан тұрғын үй және тұрғын үйлерді жекешелердіру комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешімдеріне өзгеріс енгізу жөнінде аудандық мәслихат аппаратының басшысы Болат Кенжеғұлов ақпарат берді.

IMG-20220505-WA0103

Шешім депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Балнұр Қуаны­шқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале