Жуырда Бәйтерек ауданында каратэ-додан WKC ережесі бойынша турнир өтті. Оған Бәйтерек ауданына қарасты ауылдар мен Тасқала ауданы, Орал қаласы және де Жәнібек ауданының «Бейбарыс» клубының командалары қатысты.
Тартысқа толы болған ката және кумитэ бағдарламасында оза шапқандар жеңімпаз және жүлдегер атанды. Жәнібек ауданынан барған Сезім Біләл 12-13 жас аралығындағы жекпе-жекте 2-орынға қол жеткізді.
- Каратэге қатысқанына төрт айдан асқан Сезімнің бұл алғашқы жарысы емес. Бұның алдында да кумитэ бойынша сайысқа қатысып, жекпе-жектер өткізген еді, - дейді жаттықтырушысы Асан Молдағали.
Сонымен бірге Сезім Телжанқызы жарыс алдында Жәнібектегі жаттығу залында онлайн түрде емтихан тапсырып, Шотокан каратэ-до бойынша 5-ші кю, күлгін түсті белбеу иесі атанды. Емтиханды Орал қаласындағы каратэ шебері, шотокан бойынша 3-ші дан иесі Нұржан Тоқсанов мырза қабылдады.
Лаура Халина,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz