Бөрлі ауданындағы Бума көліне балық жіберілді. Бұл процесті ауыл жастары жүзеге асырды. Шара ауданға қарасты өзен-көлдердегі балық түрлерінің санын реттеу үшін маңызды.
Көктемгі су тасқыны кезінде Бумакөл ауылы маңындағы Шыңғырлау және Жайық өзендері арнасынан тасып, алдымен Шыңғырлау өзені Бума көліне құйылып, кейін Жайық өзені көтерілген еді. Соның нәтижесінде айналадағы сай-сала суға толды. Бұл балықтардың уылдырық шашу кезеңі болатын. Бүгінде сайдағы сулар тартылып, таяз суда еркін жүзе алмаған балық шабақтарының жаппай қырылы қалу қауіпі туындады.
Балық инспекциясының есептеуінше шамамен 120 мыңдай мөңке (карась) балығының шабақтары көлге жіберілді. Бұл шараға ауылдық әкімдік қызметкерлері мен ауыл жастары өз көліктерімен шықты.
Айта кетейік, мөңке балығы біздің өңірде көп кездесетін, әрі етінің дәмділігінің арқасында жұрт арасында жоғары сұраныс тудыратын балық түрі.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz