Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шаған ЖОББМ-да жастар арасында волейболдан турнир өтті. Іс-шараға Шаған ауылдық округі әкімі М.Мырзақаев пен мектеп түлегі С.Ихласов қатысып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Спорттық шараға «Ауыл жастары», «Мектеп ұстаздары» және «Жас мамандар», «Шаған ауылдық амбулаториясы», «Барбастау жастары», «Юбилейный жастары» және «Dental clinic» қалалық тіс емханасынан жасақталған командалары қатысып, бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша «Мұғалімдер» командасы жүлделі І орынға ие болды. «Жас мамандар» ІІ орынды иеленсе, ІІІ орын «Ауыл жастары» командасынын еншісіне бұйырды.
Сондай-ақ «Үздік тосқауылшы» номинациясымен Р.Жанатов , «Үздік шабуылшы» Л.Сүлейменова , «Үздік байланыстырушы» атағымен Е.Ғимран ,«Үздік қорғаушы» С.Сағидуллин, «Үздік ойыншы» номинациясымен А.Құлбарақов марапатталды.
Жеңімпаз командаларға алғысхатпен кубок табысталды.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі жаңалығы
zhaikpress.kz