28.10.2021, 12:17
Оқылды: 43

Шағандық жастар жарап тұр

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шаған ЖОББМ-да жастар арасында волейболдан турнир өтті. Іс-шараға Шаған ауылдық округі әкімі М.Мырзақаев пен мектеп түлегі С.Ихласов қатысып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

IMG-20211028-WA0003

Спорттық шараға «Ауыл жастары», «Мектеп ұстаздары» және  «Жас мамандар», «Шаған ауылдық амбулаториясы», «Барбастау жастары», «Юбилейный жастары» және «Dental clinic» қалалық тіс емханасынан жасақталған  командалары  қатысып, бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша «Мұғалімдер» командасы жүлделі І орынға ие болды. «Жас мамандар» ІІ орынды иеленсе, ІІІ орын «Ауыл жастары» командасынын еншісіне бұйырды.

IMG-20211028-WA0004

Сондай-ақ «Үздік тосқауылшы» номинациясымен Р.Жанатов , «Үздік шабуылшы» Л.Сүлейменова , «Үздік байланыстырушы» атағымен  Е.Ғимран ,«Үздік қорғаушы» С.Сағидуллин, «Үздік ойыншы» номинациясымен А.Құлбарақов марапатталды.

Жеңімпаз командаларға алғысхатпен кубок табысталды.

 

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі жаңалығы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале