4.05.2022, 11:30
Оқылды: 87

Шағын футбол тунирі өтті

7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған Теректі ауданының мекемелері мен ұйымдары арасында шағын футболдан турнир өтті. Жарыстың өтуіне мұрындық болған – Теректі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі.

IMG-20220504-WA0021

Шара барысында «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев пен Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Қадырбек Бегманов құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

IMG-20220504-WA0024

- Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Аталмыш мерекемен баршаңызды құттықтаймын. Ауданымызда жаппай спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Спортқа әлі де көңіл бөлеміз. Қатысушы командаларға жеңіс тілеймін,- деді «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Мақсотұлы.

IMG-20220504-WA0028

Ойынға 8 команда, «Теректі жамағаты», «Теректі БЖСМ», «Мәдениет және спорт», «Аудандық аурухана», «Ішкі істер бөлімі», «Подстепное №1 ЖОББМ», «Мектеп» , «Долин ауылы» құрамалары қатысты.

IMG-20220504-WA0029

Тартысты ойын нәтижесінде жүлделі 1 орын «Теректі БЖСМ» ойыншыларында, «Теректі жамағаты» 2 орыннан көрінсе, «Долин ауылы» үздік үштіктен орын алды.  Жеңімпаздарға «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Үміткер Орынғалиев пен Долин ауылдық округінің әкімі Талғат Манатауов марапаттарды табыстады.

IMG-20220504-WA0019

Сондай-ақ, аудандық турнирде Нұрсұлтан Болат «Үздік ойыншы», Қуаныш Сабырғали «Үздік гол», Бексұлтан Жұбантай «Үздік қорғаушы», Ерғали Мырзағалиев «Үздік қақпашы», Саят Құлмұханов «Үздік төреші» номинациясымен марапатталды.

IMG-20220504-WA0020

Теректі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Сұнғат Махамбетов спорт сүйер жастарға алғысын білдірді.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале