15.10.2022, 16:10
Оқылды: 43

Шағын футболдан турнир өтуде

Бүгін Жаңақала аудандық спорт кешенінде төтенше жағдайлар бөлімі және №16 өрт сөндіру бекетінің ұйымдастыруымен өртке қарсы қызмет органдарының құрметті ардагері, подполковник Жұматбек Сәрсенұлын еске алуға және Құтқарушылар күніне арналған шағын футболдан аудандық турнир өтуде.

IMG_2036

Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, жастар арасындағы дене шынықтыруды дамыту. Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, өртке қарсы қызмет ардагерлері, Ж.Сәрсенұлының зайыбы Ира Қайырғалиева қатысты.

IMG_2090

Сөз кезегін алған А.Нұрғалиқызы ойынға қатысушыларға сәттілік тілеп, ардагерлерге аудан әкімі Дархан Закариннің алғысхатын табыстады. Жарысқа аудан мекемелерінен 8 команда қатысып, қызықты ойын көрсетуде. Тартысты футболдың нәтижесін газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

IMG_2067

IMG_2062

IMG_2083

Нұргүл Елтайқызы, 

Жаңақала ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале