Сырым ауданына қарасты Сарой ауылдық округі Шағырлой елді мекенінде болашақ фельдшерлік-акушерлік пункттің іргетасы құйылды.
Мыңға жуық халқы бар ауылдың ортасынан бой көтерген құрылысқа облыстық құрылыс басқармасы тапсырыс берген. Халық саулығы бірінші орында десек, жаңа медициналық нысан елге өте игілікті болары сөзсіз. ФАП халыққа бақ деуге болады.
Мердігер «ЕвроРемонтСервис» ЖШС ауыл азаматтарының қолдарына күрек ұстатып, жұмыспен қамтып отыр.
2024 жылдың III тоқсанында бастау алған ғимарат құрылысына «ЖанаКонсалтинг ЛТД» ЖШС техникалық қадағалаушылық етеді.
Жоба құны 200 млн теңгеге жуықтайды.
– Медициналық нысанның жалпы ауданы 261,8 шаршы метрді құрайды - деді БҚО Құрылыс басқармасы құрылыс және инфақұрылымдық даму бөлімінің басшысы П.Б Жұмағалиев.
Айта кетейік, Шағырлой ауылында бұдан бөлек үй мәселесі бойынша кезектегі тұрғындарға арналған төрт бірдей баспана бой көтеріп жатыр.
Аумағы 80кв м2 құрайтын үйлердің жұмыс қарқыны жаман емес. Қабырғасы қаланған, шатыры жабылған.
Саройда да қоныстой болатын күн алыс емес.
Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы