31.01.2024, 17:44
Оқылды: 52

«Шаңғы бағдары - 2024» байқауының аудандық кезеңі өтті

Жуырда Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен, балалар жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен «Шаңғы бағдары - 2024» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

Шаңғы

Спорттық бағдарлауды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, спорттық және шаңғы дайындығын дамыту мақсатында өткізілген шараға 8 мектептен 57 оқушы қатысты.

Жарыс 11, 13, 15, 17 жастағы мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған болатын.

Шара өте тартысты да, қызықты өтіп, қатысушы оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом және медальдармен марапатталды.

 Жеңімпаздар алда өтетін «Шаңғы бағдар-2024» облыстық кезеңіне жолдама ұтып алды.

Сонымен қатар команда жетекшілеріне оқушыларды жақсы дайындағаны үшін алғысхат табысталды.

Абай Айдынғалиев,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале