25.12.2019, 11:09
Оқылды: 57

Шаңғы спортынан ҚР-ның ұлттық құрама командасының бас бапкері бәйтеректік шаңғышыларға жаңа жылдық тарту жасады

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мектеп интернатында оқып жүрген Бәйтерек ауданының жас шаңғышылары қысқа мерзімді демалыс алып, өңірге оралды.

baiterek (2)

Спортшылардың бабын байқаған бапкер, БҚО шаңғы спорты федерациясының президенті Серік Хайруллин шәкірттерін облысқа алып келу үшін Риддер қаласына бір апта бұрын барып, белгілі шаңғышы Алексей Полтораниннің командасымен бірге қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласына аялдаған шаңғышылар бабын жолғалтпас үшін елорданың орталық саябағына барып, дайындықтарын бір пысықтауды жөн көреді.

baiterek (3)

Саябақ ішінде шаңғы тепкен жас спортшылардың өнерін байқаған шаңғы спортынан ұлттық құрама бапкері Александр Батякин Серік Құрманғазыұлын шақырып алып, жөн сұрасқан. Спортшылардың Батыс Қазақстан облысынан екенін білген соң Александр Степанович жаттығу жұмыстарының аяқталғанын күтіп, әр баламен жеке танысып, кеңес береді.

Жас шаңғышылармен емен-жарқын әңгімелескен ұлттық құрама бас бапкері сөз соңында  әр балаға спорттық киімдерін ұсынып, жаңа жылға сыйлық жасады.

-Шынымды айтсам балалардың өнерін байқап, сырттан қарап тұрған адамның Александр Степанович екенін бірден білмедім. Кейін өзіне шақырып алып, жөн сұрасқан соң ғана таныдым. Ал оның ұсынған сыйлықтары тіптен күтпеген жағдай болды. Қазіргі кезде ең керектісі де сол спорттық киімдер ғой, - дейді бапкер Серік Хайруллин.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале