23.01.2023, 17:31
Оқылды: 30

Шаруалар бас қосты

Өткен аптада Тасқала ауданына қарасты Амангелді ауылдық округінде ауыл әкімі Саягүл Галиеваның төрағалығымен жиын өтті. Оған шаруа қожалықтарының басшылары мен АӨК төрағалары, учаскелік полиция инспекторы қатысты. 

шаруалар бас қосты

Күн тәртібінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстары, жер және құрылыс құжаттарын заңға сәйкестендіру, сондай-ақ,  АӨК  құру мен мал ұрлығының алдын алу туралы мәселелер қаралды. Алдымен сөз алған Саягүл Мәулетқызы жиналғандарды жаңа жылдарымен құттықтап, «Аманат» партиясының Үкіметпен бірлесіп ауылдарды дамытуға арналған «Ауыл аманаты» жобасын іске қосқанын тілге тиек етті. Бұл- Мемлекет басшысының «Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі  бағдарламасы» аясында қолға алынған бастамасы. Жобаның мақсаты; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсету, тұрғындарды агробизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді шешу, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру. Сондықтан бізде бүгін сіздерді осы жобаның артықшылығымен таныстырайық деген мақсатта жинап отырмыз.

Оған қатысуға кез келген адам өтініш бере алады. Егер мал шаруашылығын одан әрі дамытамыз десеңіз 2,5 пайызбен 7 жылға, ал басқа кәсіп ашам дегендерге бес жылға дейінгі мерзімге несие беріледі. Тек мұндағы бір ғана шарт кепілге қоятын затың болу керек дегенді атап өтті округ әкімі. Одан әрі учаскелік полиция қызметкері  Н.Имашев соңғы кезде мал ұрлығының жиілеп кеткенін, сонымен қатар күре жолдың бойында жайылатын малдар көліктердің жүруіне кері әсерін тигізетінін жасырмады. Сол себепті малды бақылаусыз қалдырмай, оған мұқият болуға  шақырды.

Жиын барысында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салып, оған тұшымды жауаптарын алды.

Назгүл Серік,

Тасқала ауданы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале