27.11.2023, 17:00
Оқылды: 26

Шаруаларға құрмет көрсетілді

Берекелі елдің молшылығы ауыл шаруашылығы өнімдерінен-ақ байқалады. Жерді игеріп, қырманы дәнге толтыратын да, төрт-түлікті төлдетіп, қораны малға толтыратындар да, жылдың төрт мезгілінде де тынбай еңбек ететін – ауыл шаруашылығы қызметкерлері.

405263643_888221776640831_1997172144433099385_n
Осы орайда Ақжайық ауданы Ақоба ауылдық округінде ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтіп, дастархан жайылды.

404620031_888221799974162_7109055999201959213_n

Алғашқы сөзді ауыл әкімі Нұрлыбек Жакин мен Ақоба ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұрат Мұханбетқалиев және мәслихат депутаты Тілек Мұхаметжанов сөйледі.

Одан кейін аудан әкімі Тимур Шиниязов ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, сала қызметкерлерін марапаттады. Дәлірек айтсақ, «Үздік механизатор», «Үздік бақташы», «Үздік тракторист», «Үздік қайырымды жан», «Үздік шопан» аталымдары тиісінше Ерқайыр Қуанов, Қабілет Мырзағалиев, Мейірлан Есімов, Нұрхан Қарасаев, Қалихан Бажиевке берілді. Ал Армат Дүйсенбаев, Мирлан Ефремов, Мерей Гайнуллин, Мақсат Байтұрсынов, Жанұзақ Мұханбетқалиев, Ернар Мұратов, Равиль Қалмияров, Нұрәділ Мұстаққа аудан әкімінің алғысхаттары табысталды.

Өз кезегінде аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев пен аудандық ветеринариялық стансаның басшысы Біржан Ғұбашев та жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік кеште ауыл өнерпаздары түрлі аспапта ән мен күй шырқап, кеш қонақтарының ыстық ықыласына бөленді.

Шара соңында ауыл ақсақалы Мұрат Мұқанбетқалиев ақ батасын берді.

Райымбек Шапағат,
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале