15.05.2025, 14:45
Оқылды: 341

Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары басталды

Теректі ауданында шегіртке тұқымдас зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізуді ұйымдастыру мақсатында жалпы дайындықты пысықтау үшін, яғни химиялық өңдеуге қатысатын техникалардың дайындығын дала жағдайында тексеру шарасы өтті.
image-15-05-25-01-47-6
Осы шараға облыс әкімінің орынбасары Қ.Ш.Айтмұхамбетов, сала мамандары және өңдеуші мекемелердің басшылары, сондай-ақ Бәйтерек, Теректі, Қаратөбе және Сырым аудандары әкімдерінің орынбасарлары келіп қатысты.
image-15-05-25-01-47-2
Шара барысында өңдеу техникаларының түрлері мен олардың мүмкіндіктері, ерекшеліктері туралы баяндады және жұмыс істеу қалпы көрсетілді.
image-15-05-25-01-47
Сол күні түстен кейін облыс әкімдігінің ғимаратында шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстарын жоспарлау, кеңесу мақсатында облыстық штаб отырысы болды. Штабта жауапты мекеме басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары шегірткелердің жандануы мен таралуы, жоспарлары жөнінде баяндады.
image-15-05-25-01-47-7
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Қалияр Шадиярұлы шегіркелерге қарсы өңдеу жұмыстарының барысы облыс басшысының ұдайы бақылауында болатынын жеткізді.
Т.Токмамбетов,
Теректі ауданы
image-15-05-25-01-47-5 image-15-05-25-01-47-8 image-15-05-25-01-47-4 image-15-05-25-01-47-9
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале