Бөкей ордасы ауданында Шекара қызметінің БҚО-дағы департаманті Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасына бағынышты шекара бөлімшелерінің және шекара бақылау бөлімшелерінің атауларын өзгертуге қатысты жиын өтті.
Аталмыш жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков, аудандық мемлекеттік архивінің директоры Қуаныш Елемесов, Сайқын ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бекбол Жұмабекұлы, «Орда» шекара заставасының басшысы Иманғали Дурманов және шекара басқарма бастығының бірінші орынбасары Дидар Хамитов арнайы келіп қатысты.
Жиын барысында аудан аумағында орналасқан «Орда» шекара заставасына жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың, «Шоңай» шекара заставасына жерлесіміз, әскери қайраткер, генерал-майор Шәкір Жексенбаевтың атын беру мәселесі талқыланды.
Аудан көлемінде орналасқан шекара заставаларына батыр жерлестеріміздің атын беруді жиынға қатысушылар бір ауыздан қолдады.Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков қазақтан шыққан жалғыз әйел - ұшқыш Хиуаз Доспанованың да аты ұмытылмаса екен деген пікір білдірді.
Шекара басқармасы бастығының бірінші орынбасары Дидар Хамитов «Халық қаһарманы», Хиуаз Доспанованың атын «Сайқын» (Полынный) шекара бақылау бөлімшесіне беруді ұсынбаға енгізуді ұсынды.
Еркебұлан Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz