11.04.2023, 11:30
Оқылды: 197

Шекара бөлімшесінде ашық есік күні өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Батыс Қазақстан облысындағы департаменттің «Қайрат» шекара бөлімшесінде басшы, капитан Арман Метановтың бастамасымен ашық есік күні өтті.

d9a27511-8ff4-4c62-acca-891ea3488dee

№1 мектеп-лицейінің оқушылары қатысқан іс-шараның мақсаты – жоғары сынып оқушыларын шекарашылардың күнделікті жоспарымен таныстырып, шекараны күзетудің жауапкершілігін сезіндіру болды.

5b4dfcc2-688f-405a-ab51-8b6788597531

Оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың Отан алдындағы ең құнды парызды түсінгені бүгінгі күннің жемісі деуге болады. Шекарашылар қолданатын қарулар мен арнайы киім үлгілерімен, медициналық және байланыс құралдары, автокөлік түрлерімен танысып, асқан қызығушылық танытты. Сонымен қатар бөлімшенің аумағында экскурсия ұйымдастырылып, барлық ережелерді егжей-тегжейлі ұғындырды. Бәрін ретімен түсіндірген Арман Сайранұлы аталмыш сала бойынша оқуға қалай түсуге болатынын айтып, қосымша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жұмыстың асқан жауапкершілік арқалайтын, тұтас елдің қауіпсіздігін қадағалайтын күрделісі – шекара қызметі. Осы орайда мектеп-лицейдің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Амангелді Қарашев пен кәсіби бағдар педагогі Самиғолла Лұқпанов шекара қызметкерлеріне өз алғыстарын жеткізді.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале