17.03.2022, 17:30
Оқылды: 26

Шекара кеңістігін бұзудың сегіз дерегі тіркелді  

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, Zoom платформасы арқылы ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

IMG_8249

Жиынды ашқан аудан басшысы: «Баршаңызға мәлім, ауданымыз шекаралық аймақта орналасқандықтан аудан тұрғындарының шекаралық тәртіпті сақтауларын, малды бағусыз жібермеуін, өрт қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету біздің міндетіміз. Осы орайда біз уәкілетті органдармен бірігіп кешенді профилактикалық, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, жергілікті тұрғындардың заң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету мәселелерін түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізуіміз қажет», - деді.

Кеңестің күн тәртібіндегі ерікті жасақтарды мемлекеттік шекараны күзетуге қатыстыру, ауыл шаруашылық және үй жануарларының мемлекеттік шекара тәртібін бұзу фактілерінің алдын алу, биыл жасақталатын міндетті әскерге шақырушыларды орналастыру, ағымдағы мәселелер және жылдық жоспарды бекіту туралы Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы, подполковник Қуанышбек Нүсіп баяндады.

-Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша шекара басқармасы күш-құралдарының көмегімен және өзара қарым-қатынас жасаушы органдардың қызметкерлерімен бірге шекара кеңістігіндегі заңнамаларды бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар кең көлемді, арнайы шекаралық операция өткізілді. Аудан бойынша әр санаттағы құқықбұзушылықтардың 8 дерегі тіркелді. Соның 5-еуі Жәнібек ауданына қарасты елді мекендерге тиесілі. Сонымен қатар соңғы уақытта жаһандық-саяси, әскери жағдайдың тұрақсыздығына байланысты ҚР мемлекеттік шекарасының беріктігіне деген қатердің артқанын байқаймыз. Бұл арада Ресей Федерациясының Украина мемлекетінің аумағында арнайы әскери операция өткізуіне байланысты осы елден бейбіт өмір іздеген босқындар саны артуда. Осы орайда халқымыздың тыныштығын, мемлекетіміздің тәуелсіздігінің мығзымастығын қамтамасыз етуде қорған болып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесе әрекет ету барлығымыздың Отан алдындағы борышымыз деп білемін,-деді подполковник Қ.Нүсіп.

Басқосуда қаралған мәселелерге қатысты ұсыныс-пікірлер айтылды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі А.Сафималиев көтерілген мәселелер оның бақылауында болатынын атап өтіп, қатысушыларды жауапкершілігі мол істе белсенділік танытып, жүйелі жұмыстардың сапалы орындалуына үлес қосатындықтарына сенім білдірді.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале