Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен шекара мәселесі бойынша жиын өтті. Оған шекара бөлімі, құқық қорғау органы, білім беру бөлімі, көші-қон қызметі, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі саясат бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі және ауылдық округ әкімдері онлайн қатысты.
Жиында сөз алған аудан әкімі: «Ресей Федерациясының президенті Ресейде ішіанара жұмылдыру жариялауына байланысты туындап жатқан мәселелер баршамызға мәлім. Ресей азаматтары басқа елдерге көшіп жатыр. Біздің елімізге де шекарадан өтіп, көптеп келуде. Қазіргі таңда, бастысы қоғамдық тәртіп орнату керек. Сонымен қатар елді мекендерде бейтаныс адамдарды байқаған кезде бірден хабардар ету, аудандық полиция бөлімі ауыл әкімшілігімен бірлесіп, заңды және заңсыз пәтерлерді жалға берушілерді анықтау қажет», - деді.
Жиын барысында Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы Қуанышбек Нүсіп шекара бекетіндегі жағдай бойынша қысқаша баяндап берді.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы, жиналыстың маңыздылығын айтып, бірлесіп жұмыстануға шақырды.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz