29.03.2024, 17:59
Оқылды: 125

«Шекарадан өткізу бекеттерін жасақтау үшін аудандық бюджеттен қаражат бөлінді»

Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінде аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті. Жиынға кеңес мүшелерімен бірге қашықтықтан, яғни онлайн форматта ауыл әкімдері қатысты.

FB_IMG_1711715875000

- Баршаңызға мәлім ауданымыз шекаралық аймақта орналасқандықтан шекара аумағындағы ауыл тұрғындарының тәртіпті сақтауларын, малдарды бағусыз жібермеуін, өрт қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз, - деді кеңесті бастаған аудан басшысы Тимур Серікұлы.

Күн тәртібі бойынша кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов 2023-2024 жылдарға арналған шекаралық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарының орындалуын баяндады.

FB_IMG_1711715877782

- «ҚР МШ инфрақұрылымды құру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 16 тамыздағы 2013 жылғы №836 қбп Қаулысының талаптарына сәйкес келтіру мақсаты үшін «Талов-Кіші Өзен», «Жақсыбай-Петропавл» шекарадан өткізу бекеттерін жасақтау үшін аудандық бюджеттен қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жүргізілуде, - деді Жақсылық Каримоллаұлы.

FB_IMG_1711715880978

Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың айтуынша, шекаралық белдеуге жақын маңда үнемі бақылаусыз жүретін үй жануарларын қамау орындарын дайындау жүзеге асып, барлық ауылда мал қамайтын орындардың жерлері рәсімделген.

Сәуір айының соңында Ұзынкөл, Жақсыбай, Қамысты, Борсы ауылдарындағы арнайы орындар мәреге жетпек.

Ақтілек Әлібек,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале