ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері №330 сайлау учаскесіне ұйымшылдықпен келіп, ел өміріндегі маңызды қоғамдық іс-шараға белсенді қатысты.
Тасқала шекара бөлімінің әскери қызметшілері елдің болашағына бағытталған бастамаларға әр азаматтың белсенді араласуы маңызды екенін атап өтті. Мемлекеттің жаңа бағытқа, Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға бет алған тұсында ел өміріндегі маңызды бастамаларға атсалысып, өз пікірін білдіру - әр азаматтың жауапкершілігі.
Құрылтай - елдің өзекті мәселелері көтеріліп, халықтың ұсыныс-пікірлері сараланатын маңызды басқосу. Онда мемлекет дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланып, қоғамның өзекті ой-пікірлері ортаға салынады.
Жаңа Қазақстанды қалыптастыру баршаға ортақ міндет. Ел дамуына үлес қосу, жауапкершілікті сезіну және қоғамдық бастамаларға белсенді қатысу - әр азаматтың азаматтық парызы.
Шекарашылар Құрылтайдың ел үшін маңызын терең түсінеді. Сондықтан олар маңызды қоғамдық іс-шараға белсенді қатысып, ел дамуына қатысты өз ұстанымдарын білдіруге бір кісідей атсалысты.
Бекжан Өтемісов
Тасқала ауданы