Бүгін Шекарашылар күні кәсіби мерекесіне орай Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова аймағымыздағы «Қос өзен», «Алғай» және «Қарасай» шекара заставаларының қызметкерлерімен кездесіп, аудан әкімінің құттықтауын жеткізді.
— Шекарашы болу, ел іргесінің тыныштығын күзету өте үлкен абыройлы міндет. Осы абыройлы міндетті атқару жолында сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Отан алдында берген анттарыңызға адал болып, әрқашан осылай отансүйгіштік пен шынайы патриотизмнің үлгісіне айналып жүре беріңіздер. Сіздердің жолдарыңызды тосып, сағына күтіп жүрген ата-аналарыңыз бен отбасыларыңыз аман болсын! Кәсіби мерекелеріңізбен! - деді Зәйлім Исатайқызы.
Мерекелік құттықтаудан соң аталған үш шекера заставасының ұжымына аудан әкімі А.Сарқұловтың алғыс хатын табыс етті. Шекарашылардың кәсіби мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері «Офицерлер», «Сені ойлап» деген секілді әндерден шашу шашып, шекарашы азаматтардың көңілін бір серпілтті.
Жансая Жұмажанқызы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz