Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылдық округіне қарасты Шоңай ауылына су құбыры тартылды.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов, аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов бастаған бірқатар мекеме басшылары қатысты.
Өз кезегінде аудан басшысы барша шоңайлықтарды құттықтады.
– Қазіргі таңда ауданымызда су құбырының жалпы ұзындығы 162 шақырымды құрайды. 2903 үйге таза су жеткізілген. 13082 адам орталықтандырылған су жүйесі арқылы таза сумен қамтылған. Бүгінгі Шоңайдағы шара – осы игі істің нәтижесі. Су тарту жұмыстарының сәтті аяқталып, пайдалануға берілуіне тер төккен «УниверсалСтройСервис» ЖШС-іне ерекше алғысымды білдіргім келеді,— деді Нұрлан Рахымжанов.
Шоңайлықтардын тарапынан ауданымыздың құрметті азаматы Марат Мыңбаев сөз сөйлеп, әкімшілікке алғысын жеткізді.
Ашылу салтанатында лента қиылып, әжелеріміз шашу шашты.
Жалпы Шоңай ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуге 155 млн. теңге ақша жұмсалған.
zhaikpress.kz