23.08.2026, 7:26
Оқылды: 26

Шөптікөлдіктер Құрылтай сайлауында таңдау жасауда

Бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауына орай Шөптікөл ауылындағы №287 сайлау учаскесінде таңғы сағат 7-ден бастап сайлаушылар өз таңдауларын жасап, дауыс беруде.
Сайлаудың ашылу салтанатында мемлекеттік әнұран орындалды.

1000939857

Шөптікөл мектебінің ғимаратында орналасқан №287 сайлау учаскесінің төрағасы Мербол Есендосовтың айтуынша учаскеге 634 сайлаушы тіркелген. Құрылтай сайлауының өту барысын бақылауға "Әділет", «Aқжол» партияларынан және қоғамдық ұйымдардан бақылаушылар қатысуда.
Ең алғаш болып Шөптікөл ауылының тұрғыны Үмбетқали Бақтығалиев дауыс берді. Алғаш дауыс берушіге сайлау комиссиясының төрағасы Мербол Есендосов сыйлық табыстап, алғыс айтты.

Серікбай Хасанов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале