30.06.2023, 12:30
Оқылды: 42

Шұғыл ота жасалды

Жаңақала аудандық ауруханасына жедел жәрдем арқылы абдоминальді аймақтағы өткір ауырсыну, әлсіздік, бас айналу, құсу, суық тер белгілерімен келіп түскен науқасқа дәрігерлердің бірігуімен жоспардан тыс шұғыл ота жасалды.

6aeb9c1a-5860-49d2-b084-101a47775e29

Науқастың диагнозы - асқазанның тесілген ойық жарасы.

Ота жоғарғы орта лапаротомия, Опель-Поликарпов бойынша ойық жараны тігу.

Отаға хирург Азамат Дияров, хирург-онколог Дәурен Доскалиев, анестезиолог Дәурен Кукенов, анестезиолог көмекшісі Жандос Шакетов, операциялық мейірбике Әсел Мырзашева қатысты.

Ота сәтті аяқталды. Дәрігерлердің шұғыл түрде әрекеттері мен ептіліктерінің арқасында қазіргі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты.

Зара Жәрдемова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале