20.04.2022, 15:30
Оқылды: 59

Шығындарды есептеу жөніндегі комиссия отырысы өтті

Бүгін Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен аудан аумағында төтенше жағдайға байланысты келтірілген материалдық шығындарды есептеу жөніндегі комиссия отырысы өтті.

7

Барлық шығындардың көлемін есептеп, ауыл адамдарына қолғабыс көрсету мақсатында құрылған комиссия отырысында аудан әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов көктемгі су тасқыны кезінде жеке тұрғындарға және ауылға келтірілген шығындар туралы жалпы баяндап, тұрғындардан түскен ұсыныстарды комиссия мүшелеріне ортаға салды. Ауылдық округ әкімдері де бүгінгі күнгі ақпаратпен таныстырып, топан су зардабы тигізген ауыл аймақты уақытша қалпына келтіру жөнінде ақпарат берді. Нәтижесінде әр комиссия мүшелері өздері тарапынан атқарылған жұмыстар туралы мағлұматтарымен бөлісті.

Жиын соңында аудан әкімі Әлия Биғазықызы ауылдық округ әкімдеріне нақты шығынға қатысты құжаттарды заңнамаға сәйкес рәсімдеп, тез арада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынуды тапсырды.

Аман Ізмахан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале